09 қыркүйек 2022 13:38

Карл III Ұлыбритания королі болып ресми тағайындалатын күн белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/theroyalfamily Фото:instagram.com/theroyalfamily

Карл III Ұлыбританияның монархы болып ресми түрде қашан жарияланатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Карл III Ұлыбританияның монархы болып ресми түрде қашан жарияланатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, сенбі, 10 қыркүйекте, Құпиялық кеңестің лорд-президенті Пенни Мордаунт, патшайым Елизавета II-нің қайтыс болғанын жариялайды және мәлімдеме дауыстап оқылады.

Содан кейін Чарльз III патшайым қайтыс болғаны туралы жеке мәлімдеме жасап, 18 ғасырдағы дәстүр бойынша Шотландия шіркеуін қорғауға ант береді.

Фанфар айтылғаннан кейін Чарльзды жаңа король деп жариялау туралы жалпыға ортақ мәлімдеме жасалады. Бұл Әулие Джеймс сарайының балконында - Лондонның орталығында, Букингемнің жанында болады. 

Айта кетейік, Чарльз тәжді ресми киетін рәсім ол таққа отырғаннан кейін бірден өтуі екіталай, өйткені ол үлкен дайындықты қажет етеді. Мысалы, патшайым Елизавета II 1952 жылдың ақпанында монарх болды, бірақ 1953 жылдың маусымында ғана тәж киді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети