04 желтоқсан 2022 18:02

Каспий жағалауында қырылған итбалық саны өсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта Азия экологиялық зерттеулер институтының баспасөз қызметі Орта Азия экологиялық зерттеулер институтының баспасөз қызметі

Дағыстандағы Каспий теңізі жағалауында қырылған итбалық саны 1,7 мыңға жетті, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Дағыстандағы Каспий теңізі жағалауында қырылған итбалық саны 1,7 мыңға жетті, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым мәліметінше, Каспий табиғатты қорғау орталығының бас директоры Заур Гапизов итбалықтар шамамен екі апта бұрын қырылған деп болжап отыр. Зорлық-зомбылық жасалған белгілер, балық аулау торларының қалдықтары табылмаған.

Гапизовтың сөзінше, қырылған жануарлардың саны едәуір көп болуы мүмкін. Өйткені жағалауды табиғатты қорғау департаменттерінің қызметкерлері зерттеп жатыр. Итбалықтардың қырылуының себептерін егжей-тегжейлі талдау және анықтау үшін қажет сынамалар жиналған.

Дағыстан табиғат министрлігі өкілдері бұған дейін аймақтағы итбалықтардың қырылуының негізгі себебі табиғи факторлар болғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, Дағыстанда Каспий теңізі жағалауында 650-700-ге жуық өлі итбалықтар табылғаны туралы ақпарат 3 желтоқсанда белгілі болды. Жануарлар Махачкаланың Киров ауданында байқалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети