Катар үлкен қорының арқасында араб елдерінің экономикалық оқшаулауына шыдай алады. Бұл туралы Катар орталық банкінің басшысы Абдула бин Сауд Әл-Тани CNBC арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Катар үлкен қорының арқасында араб елдерінің экономикалық оқшаулауына шыдай алады. Бұл туралы Катар орталық банкінің басшысы Абдула бин Сауд Әл-Тани CNBC арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
"Бұл біздің жүйенің нықтылығы, бізде кез келген жағдайда аяғымызда тік тұрып қалатындай қаражатымыз бар", - дейді Әл-Тани.
Оның айтуы бойынша, Катар орталық банкінің қоры - 40 миллиард доллар және алтын күйінде сақталған 300 миллиард доллар.
Мұның алдында Парсы шығанағындағы араб елдері Катарға қатысты экономикалық санкцияларды көбейтіп, диломатиялық оқшаулауын күшейтпек екені хабарланған болатын.
Еске салайық, маусым басында бірнеше араб мемлекеті Катармен байланысын үзген болатын. Олар ресми Доханы лаңкестік ұйымдарды қолдайды және Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақсыздандырып отыр деп айыптаған.
Кейін ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Катар Республикасындағы жағдайға қатысты қазақстандық тараптың ұстанымын білдірген болатын.
"Бірнеше араб елінің Катар мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзгені жайлы айтатын болсам, біздің мемлекет барлық тарап осы жағдайды ушықтырмай, келіссөздер арқылы дипломатиялық жолмен реттей алады деп сенеміз. Біз осы жағдайға қатысы барлық тараптан ұстамдылық танытуын және өзара келісілген шешім қабылдауын сұраймыз. Бұл барлығынан бұрын осы мемлекеттер үшін қажет. Дипломатиялық қарым-қатынастардың бұзылуынан осы елдер зардап шегіп, елдер арасындағы қарым-қатынас үзіледі", - деген еді СІМ басшысы.