05 маусым 2017 13:50

Бірнеше араб елі Катармен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters© Reuters©

Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетіндігін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетіндігін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бахрейн өз азаматтарына Катарда тұруға, ол елге баруға, ал катарлықтарға Бахрейнге келуге тыйым салды. Екі ел арасында әуе және теңіз байланысы да үзілді. Бахрейн үкіметі катарлық дипломаттарға ел аумағынан шығып кетуге 48 сағат берді. 

"Бахрейн корольдігіндегі "қауіпсіздік пен тұрақтылықтың шайқалуын, елдің ішкі ісіне араласуын, БАҚ-ты арандатушылық мақсатта қолданып, лаңкестік іс-әрекетті қолдауын тоқтатпағандықтан", Бахрейн корольдігі Катар елімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетіндігін жариялайды", - делінген әл-Арабия агенттігінң сайтында орналастырылған хабарламада. 

Бахрейннен кейін Сауд Арабиясы, Мысыр және БАЭ де Катармен байланысын үзетіндігін жариялады. Бұл елдер де Катармен әуе және су жолдары байланысын тоқтатты. 

"Мысыр Араб Республикасы катарлық үкіметтің жаугершілік әрекеттерін тоқтатпағандықтан, Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетінін мәлімдейді", - делінген Мысырдың Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында. 

Сонымен бірге, Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Катардың Йемендегі әскери операцияға қатыспайтындығын мәлімдеді. 

Катар мен араб елдері арасында жанжал Эр-Риядта өткен Парсы шығанағы елдері мен АҚШ саммиті кезінде катарлық агенттік әмір атынан Иранмен байланысты жақсарту туралы мәлімдеме жариялағанда туындады. Ал саммит кезінде Катар жиналған барлық елдің атынан Иранды жаугершілігі үшін айыптап, қарсы жауап болатындығын мәлімдеген еді. Кейін Катардың сыртқы істер министрінің ресми өкілі агенттік сайты бұзылғанын және әмір атынан айтылған сөзді хакерлер орналастырғанын хабарлаған еді. 

Алайда Сауд Арабиясы, БАӘ және Бахрейн бұл мәлімдемеге сенбеді. БАӘ-нің мемлекеттік министрі Анвар Гаргаш Катар елін көршілермен қарым-қатынасын түзеу үшін саясатын өзгертіп, бұрынғы қателерін жасамауға шақырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети