Қайырға отырған Ever Given кемесі: канал ашылғаны хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайырға отырған Ever Given кемесі: канал ашылғаны хабарланды © REUTERS

Қайырға отырған Ever Given кемесі Суэц каналынан шығарылды, - деп хабарлайды Bloomberg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайырға отырған Ever Given кемесі Суэц каналынан шығарылды, - деп хабарлайды Bloomberg.

Басылым мәліметінше, Ever Given босағанымен, каналдан басқа кемелер қашан өтетіні белгісіз. 

Кеме сейсенбі күні каналдың 151-шақырымында жағалауға тіреліп, басқа кемелердің қозғалысын бұғаттап тастаған. Канал Жерорта және Қызыл теңіздерін байланыстырады.

Суэц арнасы-әлемдегі ең маңызды сауда бағыттарының бірі, Таяу Шығыстан Еуропа мен АҚШ-қа мұнай жеткізетін маңызды буын саналады. Бір жыл ішінде ол арқылы 20 мыңға жуық кеме өтеді. 

Агенттік мәліметінше, Ever Given тіреліп қалуы әлемдік экономикаға күн сайын 9,5 миллиард доллар шығын келтірген. 

Бір кеме бүкіл экономикаға әсер етті. Оқиға қалай болған?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети