12 шілде 2021 | 17:29

Қазақстан АҚШ-тың өтініші бойынша ауған босқындарын қабылдай ма? СІМ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі "Талибанға" қарсы күресте Америка армиясына көмектескен Ауғанстан азаматтарын елге орналастыру туралы АҚШ-тың өтінішіне пікір білдірді (Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыртқы істер министрлігіне америкалық тараптан ресми түрде мұндай өтініш түскен жоқ", - деді ведомство баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Бұған дейін қазақстандықтар бұл жаңалықты қызу талқылап жатқаны хабарланған болатын. Алайда саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтің айтуынша, АҚШ мәлімдемесіне эмоциямен жауап берудің қажеті жоқ. Өйткені бұл туралы ресми мәлімдеме болған жоқ.

 Айта кетейік, АҚШ Орталық Азияның үш еліне - Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка әскеріне көмектескен 9 мыңға жуық Ауғанстан азаматын өз жеріне уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюға өтініш айтқаны хабарлаған еді.

Вloomberg басылымының деректері бойынша, келісім Америка мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты орнату жөніндегі ірі мәміленің бір бөлігі болуы тиіс. Ол ауған мәселелерін реттеу төңірегінде болады. Вашингтонда жұмыс сапарымен жүрген Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Сироджиддин Аслов осы аптада тиісті құжаттарға қол қоюы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 483.21   534.87   5.11 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети