05 сәуір 2016 11:53

Қазақстан әскери шығындар жөнінен әлемде 60-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан әлемде әскери шығындар жөнінен 60-орында тұр. Бұл туралы Стокгольм халықаралық әлем мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтерінде айтылған.


Қазақстан әлемде әскери шығындар жөнінен 60-орында тұр. Бұл туралы Стокгольм халықаралық әлем мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтерінде айтылған.

Ұйымның мәліметінше, 2015 жылы Қазақстанның әскери шығыны 1,9 миллиард доллар болған. Бұл 2014 жылға қарағанда 400 миллион долларға аз. Айта кетейік, былтыр біздің ел бұл тізімде 61-орында болған еді.

Жалпы осы мақсатта жұмсалған әлемдік шығын 2015 жылы 1,7 триллион долларға жеткен. Бұл 2014 жылға қарағанда 1 пайызға жоғары. Мамандар шығынды есептеген кезде жалақы, операциялық шығындар, әскери құрылыс, ғылыми зерттеулер, орталық аппаратты қаржыландыруға жұмсалған әскери шығындарды негізге алды. 

Тізімде 1-орында бұрынғыдай АҚШ тұр. Бұл елдің былтырғы шығыны 596 миллиард доллар болған. Екінші орында әскери шығындарға 214,787 миллиард доллар бөлген Қытай тұр. Үшінші орында 87,186 доллармен Сауд Арабиясы болса, Ресей 66,4 миллард доллармен төртінші орында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети