29 тамыз 2018 11:39

Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардың проблемаларын шешуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардың проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылдауға шақырды. Бұл туралы ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрілігнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Мьянма үкіметін рохинджа-мұсылмандардың проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылдауға шақырды. Бұл туралы ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуал бойынша өткен отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрілігнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің ізгі ниетті елшісі, актриса Кейт Бланшетт Мьянмадағы рохинджа-мұсылмандарының жағдайы туралы баяндамаларын жасады.

Қазақстан Елшісі дәл осыдан бір жыл бұрын халықаралық қоғамдастық Мьянмадан Бангладешке 700 мыңнан астам рохинджа-мұсылмандардың қашып кеткен ең ірі гуманитарлық апаттардың біріне куә болғанын атап өтті.

"Ең таңқаларлығы-рохинджа-босқындардың 60 пайызы - үйлерінен кетуге мәжбүр болған және біз сәуір айында Бангладеште өзіміз көргеніміздей босқындар лагерлерінде өте қиын жағдайға тап болып отырған балалар", - деді Қайрат Омаров.

Қазақстан БҰҰ және барлық гуманитарлық әріптестердің рохинджа-босқындарға азық-түлік, баспана, дәрі-дәрмектер, су және басқа да көмек көрсету құралдарын ұсынуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайды.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан Үкіметі Бангладештегі Кокс-Базар қаласының маңындағы аумағында орналасқан рохинджа-босқындарға 500 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіп, оны олар тұратын жерлерге жеткізді.

Мьянмада қазіргі жағдай туралы айта келіп, Омаров БҰҰ-ның мәліметтері бойынша этникалық рохинджа халқы өкілдерінің жүріп-тұру бостандығына, сондай-ақ білім алу, денсаулық сақтау және өмірлік дағдыларына қол жеткізуге қатаң шектеулер әлі қалуда екенін атап өтті.

"Рохинджа-босқындар кепілдікті қауіпсіздікті және осы мәселелер бойынша нақты прогресті көріп тұрған кезде ғана олар елге оралады", - деді Омаров.

Қазақстанның Тұрақты өкілі сондай-ақ Мьянмадағы Рохинджа халқының құқықтарын бұзушылықтарды тергеу бойынша тәуелсіз комиссия құруын татуластыққа және өтпелі әділеттілікке бағытталған негізгі қадамдардың бірі ретінде атады. Сонымен қатар, ол Комиссияға мұсылман қауымдастығының өкілін қосу оның беделін едәуір арттырып, "көпірлерді салуға" көмектесуге мүмкіндік бере алатындығын атап өтті.

Еске сала кетейік, мұның алдында БҰҰ Мьянма билігін рохинджа геноциді үшін жазалауды талап еткен болатын. Мьянмадағы тергеу миссиясының өкілдерінің айтуынша, мемлекет армиясының жоғары басшылығы гоноцид жүргізген. Олар адамгершіліктен аттап, Ракхайн, Качин және Шан штаттарында әскери қылмыс жасаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети