Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Ресейге Санкт-Петербургтегі терактіні тергеу жұмыстарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Ресейге Санкт-Петербургтегі терактіні тергеу жұмыстарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз терроризмнің барлық түрін құптамаймыз. Сондықтан біз осы істі тергеу жұмыстарына көмектесуге дайынбыз", - деді ҚР СІМ басшысы журналистерге Дипломатиялық бизнес клубының отырысынан кейін.
Сондай-ақ, министр қазақстандық дипломаттардың Максим Арышевтың денесін тануға барғанын және қаза тапқан жігітті Алматыға жеткізуге көмектесетінін айтып өтті.
"Қазір біз осы істі аяқтау жұмыстарына толықтай көмектесіп жатырмыз. Қайғырып көңіл айтамыз", - деді Қайрат Әбдірахманов.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросында жарылыс болған еді.
Ал 4 сәуірде қазақстандық Максим Арышевтың Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтың туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттің денесін отанына жеткізу мәселесіне де көмек береді.
Максим Арышев - Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік экономикалық университеттің 3-курс студенті. Ол "Ақпараттық жүйелер мен технологиялар" мамандығы бойынша білім алады. Оқу орнының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, оның оқу үлгерімі жақсы. Максим өзі Алматыдан, "Достар" халықаралық мектеп-лицейінде оқыған. "Ол мектепті 2014 жылы бітірді. Сабақты жақсы оқыды. Орта мектепті жақсы бағамен бітірді. Алтын медальға бітірген жоқ, бірақ оқуды жақсы аяқтады. Алаңдататын жағымсыз жағдай болып тұр. Барлығымыз ол үшін алаңдап отырмыз", - деген еді "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің меңгерушісі.
Осылайша, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті.
Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.
Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді.