02 тамыз 2022 13:40

Қазақстан туралы жазба: Көмекшісі Дмитрий Медведевтің "ВКонтакте" парақшасы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің көмекшісі саясаткердің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасы бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің көмекшісі саясаткердің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасы бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"VK-да Дмитрий Анатольевич жариялаған соңғы жазба теңізшілерді Әскери-теңіз күштері күнімен құттықтауға арналды (Теңіз флоты - еск). Ал кеше оның парақшасын бұзып кіріп, басқа жазба жариялағандарға қатысты мәселені әлеуметтік желінің әкімшілігі шешеді", - деп келтіреді басылым көмекшінің сөзін.

Бұған дейін Желіде Дмитрий Медведевтің ВКонтакте-парақшасындағы жазба скриншоттары пайда болды.

Медведевтің атынан жазылған жазба скриншоттарда, Грузия мен Қазақстанның Ресей империясына қарыздар екені айтылған. Сондай-ақ, мәтінде Қазақстан жасанды мемлекеттік құрылым екені, ал біртұтас Грузия XIX ғасырдың басында Ресей жаулап алғанға дейін мүлдем болмағаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети