27 қазан 2019 15:58

Қазан қаласында екі қылмыстық топ түнгі уақытта атысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстан астанасы Қазан қаласында екі қылмыстық топтың кездесуі атыспен аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ресейдің Татарстан бойынша ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Татарстан астанасы Қазан қаласында екі қылмыстық топтың кездесуі атыспен аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ресейдің Татарстан бойынша ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 қазанда түнгі уақытта Кызыл-Армейский және Поселковый көшелерінің қиылысындағы атыс туралы полицияға хабар түскен. 

Оқиға орнына жеткен полицейдер сегіз көлікпен келген 20 шақты адамның төбелесіп, атысқанын көрген. 

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті - 30 жастағы қала тұрғыны. Оған тапаншаның оғы тиіп, ауруханаға өзі барған. Полиция мәліметінше, Полиция мәліметінше, жанжалдасқан екі қылмыстық топ мәселені осылай шешуді жөн көрген. 

Оқиға орнында оқтар мен травматикалық қару табылған. 14 адам ұсталған. Осы дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети