Желіде Қазандағы атыс болған мектеп ішінен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Қазандағы атыс болған мектеп ішінен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Олардың кем дегенде біреуі - мұғалім. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, зардап шеккен балалар саны 13-ке дейін өсті. Олардың төртеуі реанимацияда, бәрі қарудан жараланған.
Қазанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.
Риа Новости мәліметінше, Татарстан басшысы мектепте оқ атқан адам туралы алғашқы ресми ақпарат берді: жігіт 19 жаста, оның атына ресми түрде қару тіркелген.
Telegram-дағы URD_news арнасында жариялаған кадрларда мектеп дәліздерінің бірі көрсетілген. Онда кабинеттердің есіктері мен терезелері сынғанын көруге болады.
Еске салайық, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды. БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.
"Терезеден секіріп жатыр". Қазанда мектепке шабуыл жасалған сәттің видеосы жарияланды
Baza Telegram-арнасы куәгерлер түсірген суреттер мен видеоны жариялады. Онда балалар үшінші қабаттағы терезеден секіріп жатқанын көруге болады. Видеодан атыс дыбыстары да естіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!