25 шілде 2018 10:36

Кемеровте 60 адам қаза болған сауда орталығының иесі өрт сөндіру жүйесіне миллиондаған ақша үнемдеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Тергеу Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығының иесі Юлия Богданованың өрт сөндіру қызметі жүйесінде ақау болғанын біле тұра жөндеу жұмыстарына ақша бөлмегенін анықтады. Бұл туралы РФ Тергеу комитеті аса маңызды істерді тергеу басқармасы басшысының орынбасарын міндетін атқарушы Сергей Голкин айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сергей Голкинның айтуынша, сауда орталығын өртке қарсы қызметпен қамтамасыз ететін "Системный интегратор" компаниясының өкілдері орталықтың директоры Юлия Богдановаға "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өртке қарсы қызметті жөндеу үшін тағы қосымша бірнеше келісімшарт жасасуды ұсынған.

"Осылайша, тергеу мәліметінше, Юлия Богданованың шамамен 7 миллион рубль ақша үнемдегенін анықтады. Нәтижесінде өрт басталған кезде өртті сумен автоматты түрде сөндіру жүйесі жұмыс істемей қалған. Ал өрт дабылы мүлде қосылмаған", - дейді Голкин "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында  "Зимняя вишня" сауда орталығынан өрт шығып, 60 адам қаза болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети