27 қазан 2017 11:11

Кеннедиді өлтірерден екі ай бұрын Освальд кеңестік дипломатпен кездескен - Арнайы қызмет құжатынан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© segodnya.ua © segodnya.ua

АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедиді өлтірген Харви Освальд өз қылмысынан екі ай бұрын МҚК (КГБ) қызметкері болып келетін кеңестік дипломатпен кездескен, - деп хабарлайды РИА Новости Орталық барлау басқармасының жария етілген материалдарына сілтеме жасап. 


АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедиді өлтірген Харви Освальд өз қылмысынан екі ай бұрын МҚК (КГБ) қызметкері болып келетін кеңестік дипломатпен кездескен, - деп хабарлайды РИА Новости Орталық барлау басқармасының жария етілген материалдарына сілтеме жасап. 

Барлау материалдарына сәйкес, ол кезде Мехикодағы кеңестік елшілік телефондарын америкалық арнайы қызмет тыңдауға алған болатын. Дегенмен құжатта Освальдтің КГБ-мен қандайда бір байланысы бар немесе КГБ Кеннедидің өліміне қатысты болған деген жорамал жоқ. Кеңес одағының Кеннедидің өліміне қатысы бар деген болжамды АҚШ билігі өзге де пайымдаулармен қатар қарастырыған. Ал Освальдтің КСРО-ның Мехикодағы елшілігіне бару себебі мұның алдында да айтылған - Освальдпен сөйлескен вице-консул Олег Нечипоренко оның КСРО-ға виза беруін сұрағанын айтқан. 

"Мехикода тыңдалған телефон қоңырауынан мынадай жәйт белгілі. 1963 жылдың 28 қыркүйегінде Ли Освальд кеңес үкіметінің елшілігінде болып, консул Валерий Владимирович Костиковпен кездескен. Бұл туралы Освальдтің кеңестік елшілікке 1 қазанда шалған қоңырауынан белгілі болған. Освальд телефон тұтқасын көтерген күзетшіден орыс тілінде бүгежектеп болған кездесу туралы айтып, "Вашингтонға жолданған жеделхатқа" қатысты жаңалықтар бар ма деп сұраған. Күзетші оның сұрауын тексеріп, сұраныс жолданғанын және әлі жауап келмегенін айтқан", - делінген Орталық барлау басқармасы (CIA) жария еткен құжатта. 

Сонымен қатар, құжатта Костиковтың КГБ агенті болғаны айтылады. 

Ал Орталық барлау басқармасының өзге құжатында Кеннедидің өлімі КССР үшін шок болғанын және АҚШ президентінің құрметіне шіркеулер қоңырау қаққаны да айтылған. КСРО үшін ядролық қаруы бар елдің басшысыз қалуы тиімсіз еді, өйткені, басшысынан айырылған кезде жауапсыз генералдардың бірі КСРО-ға қарай зымыран атуы да мүмкін болатын делінеді. 

Айта кетейік, бейсенбі күні Джон Кеннедидің өліміне қатысты үш мыңнан аса құпия құжат көпшілікке жария етілген болатын. 2018 жылдың соңына дейін тағы бірнеше мың құжат жария етілмек. 

Президент Дональд Трамп қоғам Кеннедидің өлімі туралы ашық ақпарат алуға құқы бар деген болатын. Дегенмен ол ұлттық қауіпсіздікке байланысты арнайы қызметке кей мәтіндерге түзету жасауға рұқсат етуден басқа амалы жоғын да қоса айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети