Керчь колледжінде қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр

19 Қазан 2018, 15:03
0
видеодан үзінді
видеодан үзінді

Керчь колледжіндегі атыс салдарынан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаның құрбандарымен қоштасу рәсімін ислам дінінің имамадары мен орыс православ шіркеуінің өкілдері өткізіп жатыр. Керчь политехникалық колледжінде қаза тапқандармен қоштасу Ленин алаңында өтіп жатыр. 

Бірінші болып Керчь қаласының имамы Марлен Аджарипов дұға оқыды, артынша Керчь митрополиті Феодосийский Платон жалғастырды. 

Керчь қаласының әкімшілігі колледжде қаза болған адамдардың ата-анасы, туыстарына әкімшілік тарапынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Алайда, осыған дейін көмек сұрап келген адамдар болмаған. 

Мұғалімдер Анастасия және Светлана Баклановалар - қызы мен анасы. Светлана Юрьевна директордың орынбасары болған, колледжде 26 жыл бойы математикадан сабақ берген. Оның қызы балаларға қоғамтанудан сабақ берген. Олармен бірге әкелері де жұмыс істеген - қарапайым жұмысшы болған. Ол аман қалды. 


Алина, Аня және Ксюша. Кеше олар колледждегі атыстан кейін үйіне қайтып келмеді, қоңырауға жауап бермеді. Отбасылары әлеуметтік желіде іздей бастады. Зардап шеккен қыздар арасынан табылмады. Таңертең олардың мәйіттерін туыстары таныды. Үшеуі де қайтыс болған. 


Сережа Степаненко. Политехке оқуға баруының себебі - ата-анасына қаржылай көмектескісі келген. Жұмыс мамандығын игеріп, үйіне ақша апарғысы келген. 

Егор Перепелкин. Төрт жыл бұрын Челябинскіден Керчь қаласына көшіп барған. Оқудан соң, әскерге баруды ойлап өз еліне қайтқысы келген. Колледждегі оқиғаның алдында сабаққа барғысы келмейтінін айтып, алайда бару керектігін алға тартқан. 

Александр Моисеенко, 46 жаста. Техникумның ақпараттық технологиялар пәнінің мұғалімі.


Владислав Лазарев, 19 жаста. 


Лариса Кудрявцева, 62 жаста. Мұғалім. 


Людмила Устенко, 63 жаста, колледж қызметкері. 


Роман Карымов, 21 жаста. Рома механик мамандығында оқыған, шахмат ойнағанды жақсы көрген. 

21-ші құрбан болған адам - 17 жастағы Виктория Демчук. Оның жағдайы тым ауыр еді, Мәскеуге апара жатқанда қайтыс болған. 

Еске салайық, 17 қазанда Керчь техникумында жарылыс болып, артынша атыс болған. Қайғылы оқиға салдарынан 21 адам қаза тапты, оның 16-сы студент, бесеуі мұғалім. Кейін қаза тапқандардың өлімі қару оғынан жан тапсырғаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта жарылыс болып, ал кейін сыртқа жүгіріп шыққандарға оқ атыла бастаған. Бұл қылмысты жасады деген күдікті - төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсаған. 

Қырым басшысы Сергей Аксеновтың айтуынша, мұғалімдер Росляковты қарапайым студент деп сипаттаған: Ашуланбайтын, шәкіртақы алатын, заңды бұзбайтын азамат. Севастопольде қайғылы оқиғадан кейін үшкүндік аза тұту күні жарияланды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай