26 шілде 2021 08:29

Кей науқасқа вакцинаның үшінші дозасы керек - АҚШ-тың бас инфекционисі

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы халықтың бір бөлігіне COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын егу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы халықтың бір бөлігіне COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын егу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауки Ақ үй болашақта халықтың кейбір тобына вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, иммунитеті әлсіреген адамдарға COVID-19 вакциналық препаратының үдеткіш дозасын қолдану қажет болуы мүмкін.

"Транспланттау бойынша операция жасатқан, обырдан химиотерапиядан өтіп жатқан, иммунодепрессанттар қабылдайтын аутоиммундық аурулары бар науқастар қатарында коронавирусқа қарсы үшінші дозаны бірінші болып алады", - деп түсіндірді Фаучи.
 
Фауки вакцина алған адамдарда иммунитет әлсіреуі мүмкін екенін айғақтаған кейінгі зерттеулерге сілтеме жасап, мамандар күшейткіштердің қашан қажет болатынын анықтау үшін деректерді зерттеп жатқанын айтты.

Бұған дейін Pfizer америкалық компаниясы BioNTech-пен бірге жақын арада АҚШ билігіне Pfizer вакцинасының үшінші дозасын қолдану қажеттілігі туралы хабарлауға ниет білдіргені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети