КХДР алысқа ұшатын зымыранды сынақтан өткізуі мүмкін

10 Желтоқсан 2019, 10:38
0
КХДР алысқа ұшатын зымыранды сынақтан өткізуі мүмкін - © pixabay.com
© pixabay.com

КХДР алысқа ұшатын зымыранды сынақтан өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

"Осы жылдың басынан бастап Пхеньян Тончханни зымыран полигонын (Солтүстік Кореяда оны Сохэ ғарыш айлағы деп атайды) жөндеуден өткізіп, өткен айдан бері жасанды серік ұшыруға дайындалып жатыр. Осыған байланысты КХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қарамай, желтоқсанның соңында зымыран ұшырып жіберуі мүмкін", - деген оңтүстіккореялық үкіметтегі дереккөз "Чунан ильбо" газетіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, дереккөз Пхеньян зымыранының уақытынан бұрын ұшырылуға дайын болып тұрғанын айтып өтті. Бұдан бөлек, оның айтуынша, Солтүстік Корея осыдан үш күн бұрын зымыранды екі рет сынақтан өткізген.

Басылымның мәліметінше, Пхеньян осылайша соңғы айлары Корей түбегіндегі жағдайды реттеу бойынша жаңа ұсыныстар айту керегін еске салып жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай