27 сәуір 2018 17:27

КХДР мен Оңтүстік Корея татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

КХДР және Корея Республикасы бір-біріне қарсы құрлықта, теңізде және әуеде қақтығысуға себеп болатын жауластықты қояды. Бұл туралы екі ел басшылары қатысқан саммит қорытындысы бойынша бірігіп жазған декларацияда айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости


КХДР және Корея Республикасы бір-біріне қарсы құрлықта, теңізде және әуеде қақтығысуға себеп болатын жауластықты қояды. Бұл туралы екі ел басшылары қатысқан саммит қорытындысы бойынша бірігіп жазған декларацияда айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости

"Оңтүстік пен Солтүстік Корей түбегіндегі өткір әскери қысымды түсіруге және соғыс қаупін төмендетуге бірігіп әрекет етеді", - делінген құжатта.  

Сонымен қатар, елдер бейбітшілік келісімін өзгертуге және бұл мәселе бойынша АҚШ, Қытаймен келіссөздер өткізуге қатысты ортақ тіл тапты. 

Жақын уақытта екі ел өкілдері барлық сала бойынша барлық деңгецйде келіссөздер бастайды. Сонымен қатар, елдер Қызыл Крес желісі бойынша келіссөздер мен Оңтүстік пен Солтүстікте бөлініп қалған отбасыларды қосу туралы келісімге келді. 

Мамарыда корей елдері әскери мәселелерді реттеу үшін генералдық деңгейде келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар, Оңтүстік және Солтүстік Корея қаруландыруды біртіндеп сенім орнату арқылы азайтпақ. Тараптар бір-біріне шабуыл жасамау және қарулы күш пайдаланбау туралы шешімге келді. 

Ал АҚШ президенті Корея елдері басшыларының кездесуін тарихи оқиға деп бағалады. 

Осыдан кейін екі ел басшылары суретке түсті және корей елдері арасындағы саммит өтетін ғимаратқа беттеген. 

"Зымырандар ұшып, ядролық қару сыналған ызалы жылдан кейін, Солтүстік пен Оңтүстік арасында тарихи кездесу өтіп жатыр. Жақсы дүниелер болып жатыр, енді тек уақыт көрсетеді", - деп жазыпты Трамп Twitter. желісіндегі микроблогында. 

Жұмада Ким Чен Ын демаркациялық аумақ арқылы Оңтүстік Кореяға аяқ басқан КХДР-дің алғашқы басшысы болды. Демилитаризациялық аумақта ол Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Инмен кездесті. 

Корей елдері арасындағы саммиттен кейін Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында кездесу ұйымдастырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети