02 желтоқсан 2019 12:21

Киевте депутаттың ұлы атыстан қаза тапты

Киевтегі Лев Толстой көшесінің бойында белгісіз ер адам ресторатор, облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболевтың көлігіне оқ жаудырды, - деп хабарлайды ТСН.


Киевтегі Лев Толстой көшесінің бойында белгісіз ер адам ресторатор, облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболевтың көлігіне оқ жаудырды, - деп хабарлайды ТСН.

Range Rover автокөлігін тізгіндеген Соболевтың сөзінше, атыс кезінде оның ұлы көз жұмған. Оқиға жексенбіде шамамен сағат 17:00-де болған. 


© Информатор Киева

"Ер адам С., есімді азаматқа оқ атқан. Алайда оқ автокөлікте отырған үш жасар балаға тиген. Бала жедел-жәрдем көлігінде жолда қайтыс болды. Адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Киев полиция бөлімінің байланыс бөлімшесі. 

Бүгінде қала бойынша Lexus көлігінің иесі әрі күдіктіні іздеу бойынша "Сирена" жедел жоспары құрылған. 

Ресторатор әрі облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболев үйленген. Үш ұл, екі қызы бар. Қайтыс болған оның ең кіші ұлы екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети