31 желтоқсан 2018 10:03

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентіне бейбітшілік туралы хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын оңтүстік кореялық әріптесі Мун Чжэ Инге хат жазып, өңірде "бейбітшілікті құру, сақтау мен өркендету бойынша" күш біріктіруді жалғастыруға шақырды. Бұл туралы Yonhap хабарлады.

Сонымен қатар, КХДР басшысы келер жылы көбірек саммит өткізіп, Корея түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша мақсаттарға тез қол жеткізуді ұсынды.

Reuters мәліметінше, Ким Чен Ын биыл Сеулге бара алмағаны үшін өкініш білдірді және алдағы уақытта міндетті түрде оңтүстік кореялық астанаға баруға уәде берді.

Күзде Пхеньянда кореяаралық саммит өтті. Оның нәтижелері бойынша тараптар Тончхан провинциясындағы зымырандарға арналған сынақ алаңын және Йонбёндағы қайта өңдеу зауытын демонтаждауға келісті, сондай-ақ екі елдің теміржол желілерін қосу туралы шешім қабылданды. 1 қазанда Солтүстік және Оңтүстік Корея әскерлері шекаралас аймақты минасыздандыруды бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети