22 қыркүйек 2017 09:44

Ким Чен Ын Трамптың БҰҰ-дағы сөзін соғыс жариялау деп ұқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұқты, - деп хабарлайды Lenta.ru.


КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұқты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

КХДР лидерінің бұл мәлімдемесі мемлекеттік ақпараттық агенттікте жарияланды.

"Трамп осылайша біздің республикамызды жойып жіберемін деп соғыс жариялады. Біз өз тарапымыздан тарихта болмаған өте қатаң шараларды қолданатын боламыз. Есінен алжасқан америкалық шалды отпен басамын!", - делінген КХДР лидерінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дональд Трамп КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеген болатын. "АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. (...)", - деген еді Трамп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети