23 қараша 2021 09:09

Көлік жүксалғышында мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 47news.ru © 47news.ru

21 қарашада Ленинград облысында болған жол апаты кезінде жантүршігерлік оқиға мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 47news сайтына сілтеме жасап.


21 қарашада Ленинград облысында болған жол апаты кезінде жантүршігерлік оқиға мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 47news сайтына сілтеме жасап.

Сол күні Санкт-Петербург маңындағы тасжолда Mitsubishi Galant көлігі жол шетіндегі қоршауға соғылған. Көлік соғылған кезде оның жүк салғышынан адамның басы мен омыртқа сүйегі түсіп қалған.

Үш күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, кейін олар жедел іздестіру жұмыстары кезінде ұсталған. Олар көлік жөндеу орнының 50 жастағы қожайыны Аркадий Казинянның мәйітін алып бара жатқан. Ол қайтыс болғанға дейін достарымен бірге ішімдік ішкен екен.

Жауап алу кезінде ұсталғандардың бірі мұндай қылмысты алғаш рет жасап тұрмағанын айтқан. Ол соңғы рет адам өлтіргенде тіпті етін жеген. Яғни каннибализмді мойындаған.

23 жастағы Егор Комаров былтыр қыркүйекте 38 жастағы биржа брокеріне пышақпен шабуыл жасап, кейін тілін қалай пісіргенін айтып берді және көрсетті.

"Тіл қайнаған кезде дәмін көрдім, бірақ ұнамады. Мүмкін, денесінің басқа бөлігі болса ұнауы мүмкін еді", - дейді ұсталған адам.

Жергілікті БАҚ жағдайды Квентин Тарантино мен Ганнибал Лектор туралы фильмдермен салыстырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети