1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Колумбияда іздеуде жүрген атақты қылмыскер ұсталды 25 қазан 2021, 09:38

Колумбияның құқық қорғау органдары ұзақ уақыттан бері іздеуде жүрген атақты қылмыскер, есірткі қожайыны Диро Антонио Усугуды ұстады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©REUTERS ©REUTERS

Колумбияның құқық қорғау органдары ұзақ уақыттан бері іздеуде жүрген атақты қылмыскер, есірткі қожайыны Диро Антонио Усугуды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Колумбияның Ураба провинциясының Антокия ауылында жасалған арнайы операция кезінде елдің ең күшті қылмыстық тобының жетекшісі қамауға алынды, оны ұстау операциясына Колумбияның 500-ден астам арнайы күштері мен 22 тікұшақ қатысты.

©REUTERS

Ел президенті Иван Дуканың айтуынша, есірткі қожайынын ұстау есірткі картелінің аяқталуын білдіреді, Усугудың ұсталуын тоқсаныншы жылдардағы Пабло Эскобардың құлауымен салыстырды. 

©REUTERS

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Усугу ең танымал және іздеуде жүрген қылмыскер екендігі айтылған. Ол жылына 180-200 тоннаға дейін кокаин тасымалдаған және Колумбия қауіпсіздік күштерінің 200-ден астам қызметкерінің өліміне жауапты.

Колумбия Усуганың орналасқан жері туралы ақпарат үшін 800 мың долларға дейін сыйақы ұсынды, ал АҚШ үкіметі оны ұстауға көмектескені үшін 5 миллион доллар көлемінде сыйақы ұсынды.

©REUTERS

 Усуга Отониэль деген атпен танымал. Қылмыстық топ есірткі саудасымен, адам саудасымен, заңсыз алтын өндірумен және бопсалаумен айналысады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram