18 қазан 2014 17:47

Конгодағы шабуыл кезінде 22 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конгодағы сарбаздар  geopolitics.ru Конгодағы сарбаздар geopolitics.ru

 Конго Демократиялық Республикасының шығысында әскери сарбаздардың шабуылы кезінде 22 адам, оның ішінде 8 бала қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.


 Конго Демократиялық Республикасының шығысында әскери сарбаздардың шабуылы кезінде 22 адам, оның ішінде 8 бала қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

БАҚ таратқан ақпараттарға сәйкес шабуылды Одақтық Демократиялық Күштер, Уганданы Босату Ұлттық Әскері (Allied Democratic Forces - National Army for the Liberation of Uganda, ADF-Nalu) топтарының исламист-сарбаздары жасаған. Шабуыл Солтүстік Киву провинциясындағы Бени қаласынан 50 шақырым жерде болған.  Бени қаласында осымен екінші рет қарулы шабуыл қайталанды.16 қазанда 26 адам ADF-Nalu сарбаздарының құрбаны болған.

КДР-да жағдай тұрақты емес. Бұл елде БҰҰ-ның ең ірі еріктілер әскери контингенті орналасқан. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі   резолюциясына сәйкес MONUSCO саны 19815 адам болуы керек. Қазіргі таңда КДР-да 18,5 мың әскери адам және  MONUSCO-ның  500  бақылаушысы мен 1,5 мың полиция қызметкерлері бар.  Ерікті әскерилер елдегі түрлі әскери топтармен күресуде.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети