"Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын". Қытайлық әйел коронавирустан қалай айыққанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Коронавирустан құлан таза айығып шыққан фамилиясы Цзян есімді қытайлық әйел ауруы туралы айтып берді, - деп хабарлайды "ИноСМИ" басылымы "Синхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустан құлан таза айығып шыққан фамилиясы Цзян есімді қытайлық әйел ауруы туралы айтып берді, - деп хабарлайды "ИноСМИ" басылымы "Синхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, әйелдің жасы 44-те. Ол Қытайдың оңтүстік-батысындағы Ушань уезіне қарасты Чунцин қаласының тумасы. Соңғы жылдары Уханьда жұмыс істеп жүріпті.

"15 қаңтарда Қытай Жаңа жылын қарсы алу үшін туған жеріме бардым. Күйеуім мені күтіп алу үшін уездегі теміржол вокзалына келді. Бірақ ол менің өзімді жайсыз сезініп тұрғанымды көрді. Күйеуі мені бірден жергілікті ауруханаға апарды. Бірнеше күн емделдім. Алайда ол оң нәтиже берген жоқ", - дейді бұрынғы науқас.

Оның айтуынша, 21 қаңтарда оны дәрігерлер Ванчжоу ауданындағы орталық "Санься" ауруханасына ауыстырыпты.

"Мені жеке бөлмеге орналастырып, пневмония (өкпенің қабынуы) диагнозын қойды. Бұл дерт коронавирустың жаңа түрінен шығыпты. Мен Чунцин қаласындағы осындай диагноз қойылған алғашқы пациент болдым. Дәрігерлер мен медбикелер маған ерекше қамқорлық көрсетті", - дейді Цзян.

Әйел күн сайын вирусқа және инфекцияға қарсы ем қабылдағанын айтады. Тіпті дәрігерлер науқасты емдеу үшін қытай медицинасын да пайдаланыпты.

"Соңғы күндері бетім беріп қарап, аурудың белгілері қайта бастады. Дәрігерлер мені ауруханадан шығаруға болатынын жеткізді. Емделу мекемесінде болған сәтте медицина қызметкерлері менен бір фэнь де (1 фэнь - 0,01 юань немесе 5,4 теңге) алған жоқ", - дейді ол.

Сонымен қатар коронавирустан құлан таза айығып шұққан науқас қауіпті дертке шалдыққан азаматтарға өз кеңесін берді.

"Барлығы менен "бұл ауру қорқынышты ма?" деп сұрайды. Менің ойымша, адам бірінші өзі қорықпауы керек. Бұл ең маңыздысы дерттен сақтана білуі шарт. Сондықтан маска киіп, қолдарыңызды жиі жуыңыздар. Егер дене температурасы көтеріліп, жөтел пайда болса және аурудың басқа да белгілері байқалса, бірден ауруханаға барыңыздар. "Адамдардан оқшаулап тастайды" деп уайымдамаңыздар. Сондай-ақ көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуы шарт. Дәрігерлердің айтқанын істеп, медиктерге сеніңіздер. Сонда ғана бұл аурудан жазыласыздар", - деді қытайлық әйел.

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын атады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro