1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 30 маусымдағы таңғы жағдай

REUTERS© REUTERS©

30 маусымдағы таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 10,2 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде 10 268 786 адамнан коронавирус табылған. 504 345 науқас қайтыс болған, ал 5 209 809 адам аурудан жазылған. 

Коронавирус жылдам тарап жатқан он ел:

АҚШ - 2 586 844 адам вирус жұқтырған, 126 123 науқас көз жұмған,

Бразилия - 1 368 195 адам вирус жұқтырған, 58 314 науқас көз жұмған,

Ресей - 640 246 адам вирус жұқтырған, 9152 науқас көз жұмған,

Үндістан - 548 318 адам вирус жұқтырған, 16 475 науқас көз жұмған,

Ұлыбритания - 313 470 зараадам вирус жұқтырғанились, 43 659 науқас көз жұмған,

Перу - 282 365 адам вирус жұқтырған, 9504 науқас көз жұмған,

Чили - 275 999 адам вирус жұқтырған, 5575 науқас көз жұмған,

Испания - 248 970 адам вирус жұқтырған, 28 346 науқас көз жұмған,

Италия - 240 436 адам вирус жұқтырған, 34 744 науқас көз жұмған,

Иран - 225 205 адам вирус жұқтырған, 10 670 науқас көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирус бойынша статистикасы басқаша. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзінде 10 021 401 адам коронавирус жұқтырған, 499 913 науқас қайтыс болған. Дүние жүзінде соңғы бір тәулікте 178 328 адамнан COVID-19 табылған.  

Қазақстанда эпидемия кезінде барлығы 21 327 адам коронавирус жұқтырған. 13 008 науқас аурудан жазылса, 188 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!