21 сәуір 2020 17:24

Коронавирус жұқтырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Wuhan Central Hospital, Beijing Satellite Tv Фото ©Wuhan Central Hospital, Beijing Satellite Tv

Уханның орталық ауруханасында коронавируспен ауырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кеткен. Бұл туралы Fr24news хабарлады.


Уханның орталық ауруханасында коронавируспен ауырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кеткен. Бұл туралы Fr24news хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Ю Фан және Ху Вейфенг Уханның орталық ауруханасында науқастарды емдеп жүргенде коронавирус жұқтырған. Олардың жағдайы қатты ауыр болған. Сырқатпен күресте экстракорпораль мембранды оксигенация әдісі (қанның оттекпен қанығу әдісі) көмектескен.

Ем қабылдап жатқан дәрігерлер аурудан кейін күтпеген жағдайларға тап болған. Ю Фан мен Ху Вейфенгтің тересі біртүрлі қарайып кеткен. Кейін бұған гормондардың алмасуы себеп болғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл коронавирус бүкіл ағзаға тараған кезде бауырдың зақымдануынан болып отыр.

"Қазір жағдайым әлдеқайда жақсы, бірақ өзім қимылдай алмаймын. Сауығып жатқаныма қуаныштымын, бірақ терімнің қарайғанына таңғалып отырмын", - деді дәрігер  Ю Фан.

Ю Фанды емдеп жатқан дәрігер бауыр жазылғаннан кейін екі науқастың да терісі қалпына келеді деп үміттенеді.

Еске салайық, 16 сәуірде Ортопедия кеңесіндегі испаниялық дәрігерлер қызылша, желшешекпен ауырғанда шығатын бөртпелер сияқты аяқтағы дақтар (табан, саусақ) COVID-19 жұқтырғанның белгісі екенін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети