21 ақпан 2020 16:04

Коронавирус Қытай түрмелеріне жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Коронавирус Қытайдың үш провинцияндағы бес түрмеге жетті. Барлығы 500-ге жуық қылмыскер ауру жұқтырды. Бұл туралы ҚХР Әділет министрлігінің өкілі Хэ Пин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Коронавирус Қытайдың үш провинцияндағы бес түрмеге жетті. Барлығы 500-ге жуық қылмыскер ауру жұқтырды. Бұл туралы ҚХР Әділет министрлігінің өкілі Хэ Пин мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Министрліктің мәліметінше, Чжэцзян провинциясындағы "Шилифэн" түрмесінде коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны 34 адамға жеткен. Вирусты түрме қызметкерлерінің бірі жұқтырған. Ол 14-19 қаңтар аралығында Уханда болған екен, бірақ оны жасырып, жұмысын жалғастыра берген. 25 қаңтарда ауру белгілері пайда болып, төрт күннен кейін коронавирус анықталған. Мамандар дереу ғимаратты дезинфекцияласа да қамаудағылар жұқтырып үлгерген екен.

Сондай-ақ, Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан "Жэньчэн" түрмесінде де жаппай жұқтыру дерегі тіркелді. 20 ақпандағы жағдай бойынша, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 200 сотталған мен қауіпсіздік қызметінің жеті қызметкері жұқтырған.

Тағы 271 оқиға Хубей провинциясындағы түрмелерде тіркелген.

Қамаудағылар емделіп жатыр. Қазіргі уақытта олардың арасында қайтыс болғандар жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, 20 ақпанда бүкіл әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 75 713 адам, құрбан болғандар саны 2126 адамға жетті. Тағы 16 231 науқас ауруханадан шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети