Коронавирус жұқтырып, денесі қарайып кеткен қытайлық дәрігер Ю Фанның денесі қалыпты түске келе бастады , - деп хабарлайды The Sun.
Коронавирус жұқтырып, денесі қарайып кеткен қытайлық дәрігер Ю Фанның денесі қалыпты түске келе бастады , - деп хабарлайды The Sun.
Дереккөз мәліметінше, дәрігер өткен аптада ауруханада шығарылды. 9 мамырда түсірілген суреттерден оның терісі ағарғаны көрінеді.
Осылайша, дәрігер коронавирустан толықтай айықты. Алайда жүргенде қозғалғанда кішкене қиналады екен. Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, ол соңғы күндері жаман түстер көп көретін болған.
Денесі қарайып кеткен әріптесі Ху Вейфенг болса әлі күнге дейін ауруханада ем алып жатыр. Оның коронавируспен күресіп жатқанына 100 күннен асыпты.
Еске салайық, Ю Фан және Ху Вейфенг Уханның орталық ауруханасында науқастарды емдеп жүргенде коронавирус жұқтырған. Олардың жағдайы қатты ауыр болған. Сырқатпен күресте экстракорпораль мембранды оксигенация әдісі (қанның оттекпен қанығу әдісі) көмектескен.Ем қабылдап жатқан дәрігерлер аурудан кейін күтпеген жағдайларға тап болған.
Ю Фан мен Ху Вейфенгтің тересі біртүрлі қарайып кеткен. Кейін бұған гормондардың алмасуы себеп болғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл коронавирус бүкіл ағзаға тараған кезде бауырдың зақымдануынан болып отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!