18 маусым 2020 | 09:21

Коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі: маман бұл кезекті фейк болуы мүмкін екенін айтты

© elements.envato.com

ДДҰ өкілдері коронавирустан емдеуде қолдануға болатын дәрі деп атаған дексаметазон денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік вирусолог Георгий Викулов "Вечерняя Москваға" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ДДҰ өкілдері коронавирустан емдеуде қолдануға болатын дәрі деп атаған дексаметазон денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік вирусолог Георгий Викулов "Вечерняя Москваға" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл ешқандай да тың жаңалық емес. Препарат бұрыннан бері қолданылып келе жатыр. Коронавирус жұқтырғандардың арасында өлім қаупін азайтады деген қате, себебі пандемия әлі біткен жоқ, оның салдары зерттелген жоқ. Одан бөлек, стероидтарды қолдану, коронавирустан емдеу кезінде иммунитетті басу қауіпті - глюкокортикостероидтарды қолдану кезінде одан да ауыр асқынулар пайда болған,  осы ауру мен эпизодтар кезінде вирустық сепсис жағдайлары сипатталған. Сондықтан мұның барлығы кезекті фейк болуы мүмкін", - дейді Викулов. 

Реклама
Реклама

Дәрігер науқастарға коронавирустан емдеу кезінде бұл препаратты қолдануға кеңес бермейтінін айтады. 

"Глюкокортикостероидтар шынында өте жиі қолданылады, мысалы энцефалит пен менингоэнцефалит кезінде. Бірақ басқа терапияның қосындысымен және дәрігердің бақылауымен. Бізде өзімізде коронавирустан емдеуге арналған хаттама бар, олар аурудың деңгейіне, науқастың жағдайына байланысты. Олар дүниежүзілік, жеке тәжірибеге байланысты", - дейді маман.  

Еске салайық, бұған дейін ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустан емдеу кезінде өлім қаупін төмендететін препаратты анықтағаны белгілі болды. Олар дексаметазон препараты коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектесетінін мәлімдеген еді. 

Артынша ДДҰ коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәріге қатысты пікір білдірді.

"Бұл коронавирус жұқтырған науқастардың арасында өлім қаупін төмендеткен алғашқы дәрі", - деп мәлімдеді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная