17 маусым 2020 10:36

ДДҰ коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәріге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: elements.envato.com фото: elements.envato.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәріге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәріге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл коронавирус жұқтырған науқастардың арасында өлім қаупін төмендеткен алғашқы дәрі", - деп мәлімдеді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ол осындай препараттың сынақтан өткізілгенін өте жақсы жаңалық екенін айтады. Сондай-ақ, ДДҰ өкілдері Ұлыбританияның да сынақ өткізгенін айтты. Олардың нәтижесі таяуда шығады дейді ұйымдағылар.

Айта кетейік, мұның алдында дексаметазон препаратының коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектесетіні анықталған еді. Мұндай шешімге Ұлыбритания ғалымдары келген.

RECOVERY клиникалық зерттеуі Ұлыбританияда наурызда басталған. Жобаға жалпы 11 500 науқас 175 аурухана бойынша қатысып, түрлі дәрі-дәрмекті сынақтан өткізген. 

Жобаның 2104 қатысушысына күніне дексаметазонның 6 миллиграммы берілген. Ғалымдар препаратты қолдану жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылғандар арасында өлім қаупін үштен бірге, ал оттегін қажет ететіндер үшін бестен бірге азайтатынын анықтаған. Дәрі респираторлық қолдауды қажет етпейтіндер арасында оң нәтиже көрсетпеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети