17 маусым 2020 09:18

Коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Дексаметазон препараты коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектеседі. Мұндай шешімге Ұлыбритания ғалымдары келген. Бұл ақпарат Оксфорд университетінің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дексаметазон препараты коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектеседі. Мұндай шешімге Ұлыбритания ғалымдары келген. Бұл ақпарат Оксфорд университетінің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

RECOVERY клиникалық зерттеуі Ұлыбританияда наурызда басталған. Жобаға жалпы 11 500 науқас 175 аурухана бойынша қатысып, түрлі дәрі-дәрмекті сынақтан өткізген. 

Жобаның 2104 қатысушысына күніне дексаметазонның 6 миллиграммы берілген. Ғалымдар препаратты қолдану жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылғандар арасында өлім қаупін үштен бірге, ал оттегін қажет ететіндер үшін бестен бірге азайтатынын анықтаған. Дәрі респираторлық қолдауды қажет етпейтіндер арасында оң нәтиже көрсетпеген.

Зерттеудің басы-қасында жүрген Оксфорд университетінің профессоры Питер Хорбидің (Peter Horby) сөзінше, дексаметазон - COVID-19 кезінде өмір сүру деңгейін жақсартатыны анықталған алғашқы препарат.

"Бұл - тың жаңалық. Дексаметазон енді науқастарды емдеу стандарты болуы керек. Дексаметазонның бағасы қымбат емес және дүние жүзіндегі адамдардың өмірін құтқару үшін қолдануға болады", - деді ол.

Профессор Мартин Лендрей RECOVERY зерттеуінің алдын ала нәтижесі белгілі - дексаметазон ауыр респираторлық асқынулары бар науқастар арасында өлім қаупін төмендететіні көрсеткенін айтады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети