01 тамыз 2022 09:22

Косово серб құжаттарына тыйым салу мерзімін кейінге шегерді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: eadaily Фото: eadaily

Косово билігі ЕО және АҚШ елшілерімен кеңескеннен кейін серб құжаттарына тыйым салу процедурасын 1 қыркүйекке шегерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.


Косово билігі ЕО және АҚШ елшілерімен кеңескеннен кейін серб құжаттарына тыйым салу процедурасын 1 қыркүйекке шегерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтың солтүстігіндегі наразылық шерушілер тосқауылдарды бұзуға, жолдарда толық еркін қозғалысты қамтамасыз етуге шақырылып, аймақтағы жағдайдың ушығуына Сербия билігін айыптады.

Өз кезегінде НАТО-ның "Косово үшін күштер" миссиясының (KFOR) өкілдігі тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

"Косовоның солтүстік муниципалитеттеріндегі жалпы қауіпсіздік жағдайы шиеленісіп жатыр. НАТО жетекшілік ететін KFOR миссиясы жағдайды мұқият бақылап отыр және [аймақтағы] тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда араласуға дайын", - делінген Twitter-де жарияланған KFOR коммюникесінде.

Еске салайық, жексенбіде Сербия президенті Александр Вучич Косово полициясы түн ортасында сербтерге қарсы әскери операция бастайтынын мәлімдеген болатын. 1 тамыздан бастап серб құжаттары Косовода өз күшін тоқтатуы керек болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети