10 қаңтар 2018 12:17

ҚР СІМ жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап. 


ҚР СІМ жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 9 қаңтарда өткен Корея Республикасы мен Корея Халық Демократиялық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды және екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің күш-жігерін жоғары бағалайды", - делінген мәлімдемеде. 

Сондай-ақ, СІМ өкілдері бұл кездесу мен Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үміттенетінін айтады.

"Корея Республикасы мен Солтүстік Корея арасындағы белсенді диалог Корей түбегінің денуклеаризация мәселесіне оң әсерін тигізетін болады деген сенімдеміз. Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың диалог пен келіссөздер арқылы реттелуін дәйекті қолдайды", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан барлық мүдделі тарапты Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздер үдерісін жедел қайта қозғауға шақырды.

Еске салайық, КХДР мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасты жақсарту мен спортшыларының Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылауды бастаған еді.

Екі тараптың делегациясы Корея Республикасының ұлттық бірігу істері жөніндегі министр Чо Мён Гюннің басшылығымен және Комитет төрағасы Ли Сон Гвомен кездесті. Келіссөздер демилитаризацияланған аумақтағы Пханмунджом келіссөздер пунктіндегі "Бейбітшілік" үйі атты ғимаратта өтті. Айта кетейік, келіссөздер жабық тәртіпте өтіп жатыр, яғни журналистер қатысып жатқан жоқ.

КХДР басшысы Ким Чен Ын 1 қаңтардағы жолдауында Пхенчхандағы Олимпиадаға сәттілік тілеп, оған Солтүстік Корея спортшыларының қатысуына үміт білдірген. Осыған қатысты Оңтүстік Корея келіссөз өткізуді ұсынған болатын.

Осыған дейін КХДР-дың Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуге келіскені хабарласқан болатын. Бұл туралы Корей Республикасының ұлттық бірігу істері министрлігі мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, соңғы рет КХДР мен Корей Республикасы арасындағы келіссөз 2015 жылы желтоқсанда өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети