08 наурыз 2022 10:37

Кремль "кез келген уақытта" соғыс қимылдарын тоқтата алатын шарттарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Кремль Киевке егер Украина билігі Мәскеудің шарттарын орындаса, соғыс қимылдарын "кез келген уақытта" тоқтата алатынын хабарлады. Бұл туралы Reuters-ке берген сұхбатында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Песковтың айтуынша, Украина әскери операцияларды тоқтатып, Конституцияға түзетулер енгізіп, бейтарап мемлекет мәртебесін бекітуі керек, Қырымды Ресей аумағы, КХР мен ЛХР-ді тәуелсіз мемлекеттер деп тануы керек.

Песковтың агенттік журналисімен әңгімесі Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раундынан аз уақыт бұрын болған. 

Кремль өкілінің сөзінше, Киев бұл талаптарды біледі, алайда Украина тарапынан жедел реакция әлі болмады.

"Оларға мұның бәрін бір сәтте тоқтатуға болатыны айтылды. Біз Украинаның демилитаризациясын аяқтап жатырмыз. Біз оны аяқтаймыз..." - деді Песков.

Ал украиналық делегация мүшелері Ресеймен келіссөздерде елдің мәртебесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді, бірақ Қырым, ЛХР және ДХР мәселелері бойынша келісім мүмкін емес деген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети