28 мамыр 2022 09:14

Кремль Украинадағы соғыс қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты - БАҚ

© Reuters © Reuters

Ресей әскерінің Донбасcта алға жылжуы аясында Кремльде тағы да Киевке жасалуы мүмкін шабуыл талқыланып, "Украинадағы соғыста жеңіске" бірнеше ай қалғанда жетуге үміттеніп отыр. Бұл туралы "Медуза" басылымына Кремльге жақын екі дереккөз бен Ресей президенті әкімшілігіндегі дереккөз айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, Украинаның ресми өкілдерінің Донбасстағы Ресей әскери күштерінің шабуылы туралы мәлімдемелері барған сайын алаңдатып отыр. Олардың кейбіріне сәйкес, Киевке үлкен шабуыл жасалмақ. 

"Кремльде "жеңісті жариялау" үшін "минимум бағдарлама" 2022 жылдың мамырының соңына Ресей әскерлерінің Донецк және Луганск облыстарының бүкіл аумағын басып алуымен байланысты. Бүгінде Украина Луганск облысының бес пайызын және Донецктің шамамен 40 пайызын бақылап отыр. "Максимум бағдарлама" бұрынғыдай Киевті бақылауға алу деп аталады", - делінген мақалада.  

"Біз бәрібір оларды басып аламыз. Күзге қарай бәрі бітуі мүмкін", - деді тағы бір дереккөз. 

Дереккөздердің сөзінше, мұндай көңіл күй тек Кремльде емес, "Единая Россия" басшылығында қалыптасқан. 

Басылым мәліметінше, дереккөздер Кремль Батыс елдері егер соғыс жалғасатын болса, Украинаны қаржы және қару жағынан қолдауын жалғастыратынына күмәнмен қарайды.  

"Ерте ме, кеш пе Еуропа көмектесуден жалығады - ол ақша да, қару өндірісі жағынан да", - дейді дереккөздердің бірі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети