11 мамыр 2021 11:32

Том Круз "Алтын глобус" сыйлығын ұйымдастырушыларға қайтарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Атақты америкалық актер Том Круз өзінің "Алтын глобустарын" қайтарып берді. Ол мұны ұйымдастырушы - Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығының (HFPA) нәсілдік тұрғыдан алалаушылығына наразылық ретінде жасаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Deadline басылымы мәліметіне сүйенсек, Круз "Джерри Магуайер" және "Рожденный 4 июля" фильміндегі басты рөлі, сондай-ақ "Магнолия" фильміндегі қосымша рөлі үшін алған марапатынан бас тартып, оны HFPA-ға қайтарған.

Сонымен қатар, дүйсенбіде HFPA-ға қарсы наразылық аясында NBC телеарнасы 2022 жылы болатын марапаттау рәсімін тікелей трансляцияға шығарудан бас тартқан. Олар іс-шараны 2023 жылы қауымдастықтағы нәсілдік алауыздық мәселесі шешілгенде ғана көрсететінін айтқан.

Жыл сайын "Алтын глобус" сыйлығын ұсыну іс-шарасын өкізетін HFPA соңғы жылдары нәсілдік алалаушылығ үшін сынға қалған.

"Алтын глобус" марапаты жыл сайын беріледі және АҚШ пен әлемдегі ең беделді сыйлықтардың бірі саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети