02 мамыр 2018 09:49

Куәгерлер өртенген 26 қабатты үйдің құлаған сәтін видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияның Сан-Паулу қаласында көппәтерлі 26 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, - деп хабарлайды The Tribune.


Бразилияның Сан-Паулу қаласында көппәтерлі 26 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, - деп хабарлайды The Tribune.

Куәгерлер түсірген видеода өрттің төменгі он қабатта шығып, терезелерден жалын шарпығанын көрінеді. Ғимарат опырылып, әуеге өрт пен күл тарады. 

Әзірше тек бір адамның қаза болғаны және үш адамның із-түссіз жоғалып кеткені хабарланды. Куәгерлер өрт басталғанда көмекке шақырып, айғайлаған дауыстарды естігендерін айтады. Билік өкілдері құрбан болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп қауіптенеді. 

Өрт басталғанда эвакуация ұйымдастырылған, алайда көпқабатты үйде қанша адам болғаны белгісіз, сол себепті барлығы эвакуацияланды деуге болмайды. 

Негізінде осы үйге 50 отбасы тіркелген, ал бос пәтерлерде тұратын жері жоқ адамдар мекендеген. 

Бразилиялық БАҚ өкілдері үйдің өртке дейінгі суретін жариялады. Онда үйдің жарты бөлігі бос тұрғанын байқауға болады. 

 


Фото: Folhapress

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети