Кубада 100-ден аса жолаушысы бар ұшақ құлады

19 Мамыр 2018, 00:41
0
Кубада 100-ден аса жолаушысы бар ұшақ құлады - © Twitter
© Twitter

Кубада жұма күні бортында жүзден аса адамы бар Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости кубалық БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

Cubana de Aviacion әуе компаниясының ұшағы Гаванадан Ольгинге бағыт алған. Әуе кемесі Гавана әуежайынан ұшып шыққанына бірнеше минут өткенде құлаған. 

Infobae порталының мәліметінше, ұшақ бортында 104 адам болған. Cibercuba басылымы кубалық Radio Rebelde радиосының журналисі Габдиэль Сильваға сілтеме жасай отырып, бортта экипаждан басқа 107 адамның болғанын және барлығының қаза тапқанын жазды.

Ұшақ құлаған жерге Кубаның Мемкеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Мигель Диас-Канель барды.

Әлеуметтік желіде куәгерлер апаттың видеосы мен суреттерін жариялап жатыр. Видео кадрларынан қара қою түтінді көруге болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай