Зымыран соққысы салдарынан құлаған 176 жолаушысы болған украиналық Boeing әуе кемесін жау ұшағы деп қабылдаған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Зымыран соққысы салдарынан құлаған 176 жолаушысы болған украиналық Boeing әуе кемесін жау ұшағы деп қабылдаған, - деп хабарлайды РИА Новости.
КСИР басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу мақсатында Тегеран тарапынан Ирактағы базаларға шабуылдардан кейін Иран АҚШ-тан жауап күтіп, украиналық ұшақты дұшпанның әуе кемесі деп қабылдаған.
"АҚШ-тың қылмыскер президенті мен әскери қолбасшылығының Иранда көптеген нүктелер мен аймақтарға шабуыл жасау қауіпі болғандықтан, елдің Қарулы күштері ықтимал қауіп-қатерлерге жауап беру үшін жоғары жауынгерлік әзірлікке келтірілді", - делінген хабарламада.
Ұшақ имам Хомейни әуежайынан ұшып шығып, кері бұрылып, Иранның "маңызды әскери нысанына" жақындады. Осы биіктікте және осылайша "жаугерлік нысан" деген шешім қабылданған.
Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады
Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.
Осыған дейін, Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәліметінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақ әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған.
Бірқатар батыс елдерінің көшбасшылары ұшақтың апатқа ұшырауы зымыран соққысына байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Осыған дейін, бұл мәліметті Иран үкіметі жоққа шығарған еді. Жұмада New York Times газеті Boeing ұшағына зымыранның дөп тию сәті көрестілген видеоны жариялады.