26 қараша 2021 | 08:45

Кузбасс шахтасындағы жарылыстан 52 адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ngs42.ru © ngs42.ru

Алдын ала мәлімет бойынша, Кузбасстағы "Листвяжная" шахтасында болған апаттан 52 адам қаза тапқан. Оның алтауы құтарушы болғаны туралы РИА Новостиге төтенше жағдайлар қызметінің өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алдын ала мәлімет бойынша, Кузбасстағы "Листвяжная" шахтасында болған апаттан 52 адам қаза тапқан. Оның алтауы құтарушы болғаны туралы РИА Новостиге төтенше жағдайлар қызметінің өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Дмитрий Демешиннің айтуынша, төтенше жағдайдың себебі ұшқыннан туындаған метанның жарылуы салдарынан динамикалық соққы болған.

Тергеу аясында шахтаның 47 жастағы директоры, оның 59 жастағы бірінші орынбасары және 36 жастағы учаске басшысы ұсталды.

"Ұсталғандардың қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталды. Соның салдарынан газ-динамикалық құбылыс орын алған. №4 учаскенің вентиляциялық дрейфінің түтініне жұмысшылар тұншығып қалды", - делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

"Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Листвяжная" шахтасының ауданындағы іздеу жұмыстары 26 қараша күні таңға дейін жалғасты. Шахтадағы метан концентрациясы артып келеді. Облыста үш күндік қаралы күн жарияланды.

"Листвяжная" шахтасында жарылыс 25 қараша күні таңертең болды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 285 адам болған. Бұған дейін апаттан 11 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети