27 қараша 2021 11:31

Ресейде аза тұту күні банкет жасаған мэр жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кемерово облысындағы (Ресей) Прокопьевск қаласының басшысы Вячеслав Старченко "Листвяжная" кенінде қаза тапқандарды аза тұту күні бұл қызметке тағайындалуына орай дастархан жайған. Салдарынан мэр қызметіне тағайындалған соң бір күннен кейін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Кемерово облысындағы (Ресей) Прокопьевск қаласының басшысы Вячеслав Старченко "Листвяжная" кенінде қаза тапқандарды аза тұту күні бұл қызметке тағайындалуына орай дастархан жайған. Салдарынан мэр қызметіне тағайындалған соң бір күннен кейін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кузбасстағы "Листвяжная" кенінде метан жарылысынан кейін 51 адам, оның ішінде алты құтқарушы қаза тапқан. Кемерово облысында 26-28 қараша апаттан қаза тапқандарды аза тұту күндері болып жарияланған.

Ал жарылыс болған күні Прокопьевск қаласының мэрі болып тағайындалған Вячеслав Старченко жаңа қызметінің құрметіне мерекелік кеш ұйымдастырған. Желіде кеш өткен мейрамханадан түсірілген видео пайда болды.

"Прокопьевскіде әкімшілік өкілдері Вячеслав Старченконың жаңа басшы болып тағайындалуын тойлауды ұйғарыпты. Бұл бүкіл Кузбасс пен бүкіл ел "Листвяжнаядағы" хабарды қайғымен қадағалап отырған кезде, өңірдің әрбір тұрғыны кеншілер мен құтқарушылардың өміріне алаңдап отырған кезде", - деп жазды аймақ басшысы Сергей Цивилев Telegram-арнасында.

Губернатор бұл жағдайды сипаттауға сөз табу қиын екенін қосты.

"Ол банкетте болған адамдардың жүрегі жоқ шығар, өйткені олар бәріміз үшін осындай қорқынышты және қиын сәтте бірдеңені тойлауға және атап өтуге шамасы жетті. Вячеслав Старченко жұмыстан шығарылды", - деп жазды ол.

Осылайша, Вячеслав Старченко мэр болып бір күн ғана жұмыс істеді.

"Листвяжная" кеніндегі жарылыс 25 қарашада таңертең болған. Төтенше жағдай кезінде жер астында 285 адам болған, олардың көпшілігі жер бетіне шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети