08 мамыр 2023 14:27

Қырғыз әскерилері мефедронмен ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің екі офицері мефедронмен ұсталды. Олар ұсталған соң қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.


Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің екі офицері мефедронмен ұсталды. Олар ұсталған соң қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімінің екі офицерінен 4,7 келі мефедрон тәркіленген. Оларды милиция қызметкерлері ұстады.

"Әскери қызметшілерді ұстау кезінде қарсылық көрсетті. Алдын-ала мәліметтер бойынша олар милиция қызметкерлеріне оқ атты", - делінген басылым мәліметінде.

Первомай аудандық соты екеуін де Бішкектің тергеу изоляторына қамады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети