1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғыз-тәжік шекарашылары атыс ұйымдастырды

Көрнекі сурет © РИА Новости Көрнекі сурет © РИА Новости

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары екі ел шекарасында атыс ұйымдастырды. Енді екі ел өкілдері аталған дерек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы жексенбі, 24 мамырда Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеген, - деп хабарлайды Lenta.ru

Басылым мәліметінше, қырғызстандық шекарашылардың сөзінше, "Ворух" тәжікстандық анклавының тұрғындары Баткен облысы, Баткен ауданы Мойнок елдімекенінде мал бақпақ болған. Қырғыз шекара қызметінің наряды бұл әрекеттің алдын алмақ болғанда Тәжікстан жақтан белгісіз біреу оқ атқан. 

Сөйтіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40-та Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында қысқа атыс болған. Қырғызстан тарапынан ешкім зардап шекпеген.Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз орталығы мәліметі бойынша, бүгінде атыс болған қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!