Қырғыз-тәжік шекарасындағы ауылдардан эвакуацияланғандар үйіне жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік шекарасындағы ауылдардан эвакуацияланғандар үйіне жіберілді Фото: Баткен облысындағы министрлер кабинеті өкілінің баспасөз қызметінен

Шекара аймағындағы шиеленістің ушығуына байланысты эвакуацияланған Баткен ауданының тұрғындары үйіне жіберілді. Бұл туралы Баткен облысындағы министрлер кабинеті өкілетті өкілінің аппаратында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шиеленісті жағдайға байланысты құрылған штаб шешіміне сәйкес, бүгін ауыл тұрғындары үшін көлік ұйымдастырылған. Олардың бәрі үйіне жеткізіледі.

Өңірде эвакуацияланған 40 мың 649 адамға уақытша тұру орындары ұйымдастырылған.

Шекара аймағындағы жағдай тұрақты деп бағаланған. Бірінші кезекте адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Соңғы рет шекара маңында болған қақтығыста 190 қырғызстандық зардап шегіп, 36 адам қаза тапқан. Олардың ішінде балалар да бар. Оқиға болған аймақтан 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети