29 сәуір 2021 17:14

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: төрт адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға кеше, тәжік тарапы Қырғызстанның Көк-Таш ауылына жақын бағандарға бейнекамералар орнатуды шешкеннен кейін басталды. Содан соң шекаралас ауылдардың тұрғындары бір-біріне тас лақтырды.

Бүгін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің мәліметінше, жағдай шиеленісіп барады, оқ та атылған. 

"Жағдайдың шиеленісуіне Тәжікстан азаматтарының арандатушылық әрекеттері себеп болды, олар Қырғызстан азаматтары мен олардың үйіне тас лақтыра бастады.  

Кейіннен тәжік тарапы қырғызстандықтардың өтіп бара жатқан көлігіне аңшылық мылтықпен оқ жаудыра бастады", - дейді олар. 

Сондай-ақ, Баткен облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіндегілер 29 сәуірде сағат 05:45-те Тәжікстан азаматтары Баткен ауданының Көк-Таш ауылында орналасқан әскери бөлімге оқ атқанын хабарлады.

Қақтығыс кезінде бір қырғыз жігіттің көзі жараланды.  

"Аталған деректер бойынша материалдар тіркеліп, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 266 және 39-130-баптары ("Бұзақылық" және "Адам өлтіруге оқталу") бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады милиция өкілдері.

Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақсыз, мемлекеттік шекарадағы қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Оқиға орнында түсірілген видеолар Желіде жарияланды.

Осы уақытта Бішкекте үкімет ғимаратының алдына 100-ден аса адам жиналды. 

Акция қатысушылары мемлекет басшысы Садыр Жапаров пен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиевтен Баткен облысына барып, жанжалды шешуді талап етіп жатыр. 

Ал ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер ведомство басшысы Қамшыбек Ташиев кеше шетелге емделуге кеткенін хабарлады. 

Баткен облыстық біріккен ауруханасының бас дәрігері Азизбек Жүнісов айтқан алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 14:30-да жедел жәрдеммен 4 адам жеткізілген. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети