11 шілде 2018 14:56

Қырғызстан автокөліктерге импорттық баж салығын төмендетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

Қырғыстан Республикасында жеке тұлғалар тасымалдайтын автокөліктерге арналған кедендік баж салығының мөлшерлемесі төмендеді, -  деп хабарлайды Kaktus.media. Бұл жарлыққа премьер-министр Мұхаммед Салли Әбілғазиев қол қойды.

Үкімет мемлекеттегі ескі автокөліктердің санын азайтып, қаладағы көлік паркілерін жаңартуға бел буды.

Осылайша, үкімет қаулысымен бензин мен дизельдік қозғалтқышы бар автокөліктерге кедендік баждар мен салықтардың бірыңғай мөлшерлемесі 2014 жылмен салыстырғанда айтралықтай төмендейді. Бұл шешім электр және гибридті қозғалтқыштары бар автокөлік импортын ынталандыруға бағытталған.

Электрлі автокөліктерге кеден бажы мен салықтар нөлдік мөлшерлемесімен болса, гибридті қозғалтқышы бар көліктерге әр текше сантиметрі үшін 0,5-0,6 АҚШ долллары енгізіледі.

Жаңа мөлшерлемелер өз күшіне 14 күннен кейін енеді. Бұл шешім 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети