1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғызстан экс-вице-министріне қатысты дау: Жаңа деректер шықты

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Кореядағы елші Қылышбек Сұлтанды дипломатиялық этиканы бұзды деп айыптап отыр. Елшінің қырғызстандық шенеунік Зууракан Каденованың рейстен қалай шығарылғаны жайлы мәлімет таратқаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Cенбіде БАҚ-тарда Қырғызстан еңбек және әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасары Зууракан Каденованың Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшқан"Эйр Астана" бортында жанжал шығарғаны жайлы мәлімет тараған болатын. 22 қыркүйекте Зууракан Каденова "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшақ бортында жанжал шығарғаны белгілі болды. Оқиға Сеул - Алматы - Бішкек рейсінде болған. Мәлімет бойынша, әйел адам мас болған дәне бортсеріктерге айғайлаған. Сол күні Қырғызстан премьер-министрі шенеунікті жұмыстан босатқан еді.

Ал дүйсенбіде Кореядағы елші Қылышбек Сұлтан Бішкекте баспасөз мәслихатын өткізіп, осы дауға қатысты пікір білдірген. Ол Қырғызстан президенті әкімшілігінен шенеунікке қатысты оқиғаның мән-жайын айтпау туралы өтініштің келгенін айтқан. 

Осылайша Қырғызстанның СІМ өкілдері елшіні мемлекеттік қызметтің ережелері туралы заңнаманы, сондай-ақ, димломатиялық этиканы бұзды деп айыптап отыр.

Ведомство өкілдері елшінің өзінің тарапынан да қызметтік ереже бұзушылықтары туралы мәліметтердің бар екенін және олардың қажетті органдарға тексеріс үшін жолданатынын айтып өтті.