27 қаңтар 2023 15:54

Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері қандай келісімге келді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкектегі "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев арасында екіжақты келіссөздер өтті. Кездесу қорытындысы бойынша екі ел басшылары бірнеше құжатқа қол қойып, баспасөз мәлімдемесін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бішкектегі "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев арасында екіжақты келіссөздер өтті. Кездесу қорытындысы бойынша екі ел басшылары бірнеше құжатқа қол қойып, баспасөз мәлімдемесін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қырғызстан мен Өзбекстан басшылары шекараны делимитациялауды ресми түрде аяқтады.

"Бүгін біз үшін тарихи күн. Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны делимитациялау үдерісін аяқтады, ратификациялау грамоталарымен алмасты және қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісімге қолжеткізді. Біз шекара мәселесіне нүкте қойдық. Мен бұл мәселенің түпкілікті шешілетініне сенімдімін. Шекара мәселесі бауырластық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуда, шекаралық байланыстарды нығайтуда, Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда шешуші рөл атқарады", - деді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, келісімге сәйкес жалпы ұзындығы 302,29 шақырым болатын шекара сызығы, оның ішінде өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасының 35 учаскесі белгіленген. Өзбекстан да Әндіжан су қоймасы аумағының 4,957 гектарын және бөгетті күтіп ұстау мен қорғау үшін қосымша 19,5 гектарды алады. Қырғызстан өтемақы ретінде 1,019 гектар жайылымдық жер алады.

Жапаров пен Мирзиеев Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға да қол қойған.

Кездесу қорытындысы бойынша қырғыз-өзбек бірлескен ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 24 құжатқа қол қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети