31 қаңтар 2014 16:51

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара жанжалын шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Stanradar.com ©Stanradar.com

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қарулы жанжалды шешу жөнінде барлық бітімге қол жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 31 қаңтар күні Бішкекте 11 қаңтарда шекарада болған қақтығыс бойынша екі елдің вице-премьерлері қорытынды кездесу өткізген. Келіссөздер барысында тараптар қосымша қарулы күштерді кері қайтару жөнінде уағдаласты. Сонымен бірге, қырғыз-тәжік бірлескен комиссиясы мемлекеттік шекараның даулы учаскелерін демаркациялау мен делимитациялауды жеделдету жөнінде жұмысты жандандыра түсетін болды. Келіссөздер қорытындысы бойынша делегация басшылары тиісті хаттамаға қол қойды. Ақпан айында қос тарап қарулы қақтығыс болған жерде тағы кездесуге уәделесті. Онда мемлекеттік шекараны бірлесіп күзету мәселесі шешілмек. Айта кетейік, Қырғызстан әзірше тәжік жақтан келетін азаматтар мен көліктер үшін шекараны ашқан жоқ. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі қақтығыс аймағынан қосымша қарулы күштер толық шығарылғаннан кейін барып шекараны ашатынын мәлімдеді. Еске салайық, 11 қаңтарда Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданындағы шекара учаскесінде қырғыз-тәжік шекарашылары арасында атыс болған еді. Төтенше оқиға кезінде қырғыздың бес, Тәжікстанның алты азаматы жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети